№4 жалпы білім беретін орта мектеп
0
«Ехро-2017 - жастар назарында» жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауының қорытындысы

Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы 2017 жылғы 27 сәуірде жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында «Ехро-2017 - жастар назарында» жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауын өткізді.
· Мақсаты: Балалардың экологиялық мәдениетін дамыту, экологиялық-биологиялық ғылымдар саласы бойынша шығармашылық және танымдық қызығушылықтарын арттыру;
· Тіршіліктің кез келген құндылығын бағалау, табиғатты аялап, қорғауға ұмтылу сезімдерін ояту, адамзаттың табиғат алдындағы жауапкершілігін сезіндіру ;
· Облысымыздың интеллектуалдық және ғылыми-техникалық шығармашылықпен айналысатын оқушыларын анықтау, қолдау.
· «EXPO-2017» халықаралық көрмені қолдау, жастар арасында кеңінен насихаттау.
«Ехро-2017 - жастар назарында» жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауына облысымыздың барлық аудандары мен қала мектептерінің оқушылары 9 номинациялар бойынша қатысты.
«ЭКСПО-2017:болашақ энергия көздері», «Жас табиғат қорғаушылары»,«Жасыл ел жастары» - номинациялары бойынша үй, мектеп, қала/аудан бойынша энергия қуатын тиімді және үнемді пайдалану туралы, сонымен қатар табиғат қорғау мәселесі көтерілген, ерекше қорғауға алынған табиғат ескерткіштері, Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерге арналған жобалар және қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатын факторларды сипаттау мен оларды шешу жолдарын ұсынған жұмыстар қабылданды. Оқушылар: «Болашақтың баламалы энергиясы. Жел, Күн энергияларын өңдіру моделі», «ЭКСПО-2017: болашақ энергия көздері», «Электр энергиясының альтенативті көздері. Жел генераторы. Электр құрылғыларды қолдан құрастыру», «Темір ауданындағы крената тобылғысы», «Сайғақ киіктің биологиялық ерекшеліктері және оны қорғау шаралары», «Полиэтилен пакетінің қоршаған ортаға тигізер зияны», «Қоқыс өңдеу ісін қолға алып жасыл экономикаға көшейік», «Пластик шөлмектердің пайдасы мен зияны» тақырыптағы жаңашыл креативті идеяларын жүзеге асырған жобалар мен жұмыстарын қазылар назарына ұсынды.
«Үздік экологиялық десант», «Жас инноваторлардың жасыл идеялары», «Жас ақтөбеліктердің экологиялық инициативасы». «Экологиялық жас дизайнерлер»номинацияларында қатысушылар тазалық орнатуға бағытталған жұмыстарын («Қайырымды ісім-туған халқыма» «Таза болса табиғат - аман болар адамзат» «Асар»), табиғи материалдардан жасалған бұйымдар көрмесіне өз қолдарымен жасап шығарған бұйымдарды сипаттап көрсетті. («Шиден Абат Байтақ кесенесін тоқу технологиясы», «Қолжетімді шикізат-жүн және одан жасалатын ұлттық бұйымдар», «Expo-2017 халықаралық көрмесіндегі қолөнер құндылықтары» т.с.с.). Сонымен қатар, мектеп ауласындағы территория, клумбаларды ландшафттық жобалау жұмыстары мен мектеп ауласын көркейту шараларын қамтыған жобалар («Мектеп теліміндегі мәдени өсімдіктердің жасыл технологиясы», «Біздің болашағымыз жасыл экономика») т.с.с. тыңдалды.
«Жас табиғат жыршылары» - номинация бойынша табиғат қорғаны - жас ұрпақ өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуын өлең, жырлар арқылы жеткізе білу керек еді. «Жүрек түкпіріндегі ой», «Экологиялық мәселелерді поэзияға салу», «Таразыға түскен табиғат» сыңды өлеңдер жастарды да экологиялық мәселелер толғандыратынын айқын көрсетті.
Ал мұғалімдерге арналған «Ұстаздық жасыл қоржын» номинация бойынша ұстаздар өздерінің педагогикалық разработка, әдістемелік құралдар жиынтығымен бөлісіп, экологиялық тест сұрақтарына жауап берді.
«Ехро-2017 - жастар назарында» жобалар мен шығармашылық жұмыстар байқауы көріністі де әсерлі өтті. Жас жеткіншектердің елімізде маусым айында басталатын әлемдік шараға осындай жобаларды жасау арқылы өзіндік үлесін қосты деп толықтай айта аламыз.
Шара соңында жеңімпаздар диплом, грамоталармен марапатталып, жеңімпаз оқушылар мен мұғалімдердің жұмыстары (макет, модель, т.б.) облыстық «Болашақ энергиясы» көрмесіне жолданды.